"Өлгеніне 26 жыл болған": Тиктокерлер хайп үшін қабір аша бастады (видео)

0
9 340

Видео авторы қабірді ашып, оның ішінде не бар екенін көрсететінін мәлімдейді.


ERNUR.KZ. Өзбекстанда жас жігіттің қабірді қазып, ашып жатқан видеосы тарады. "ТикТок" әлеуметтік желісінде тараған видео адамдардың ашуын туғызды, деп жазады upl.uz.

Видеода жігіттің 1955 жылы туып 1995 жылы қайтыс болған А.П есімді ер адамның қабірін қазғаны байқалады. Видео авторы "26 жылдық қабірді" ашатынын айтады. Сонымен қатар, ол қабірді ашып, оның ішінде не бар екенін көрсететінін де мәлімдейді. Ал екінші видеоны біраз уақыттан соң салатынын жеткізген.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаның қай жерде болғаны туралы нақты мәлемет жоқ. Құқық қорғау органдары бұл жайлы ақпарат бермеді.