"Өлгім келеді": Әжімін кетіремін деп ине салдыртқан келіншектің беті қисайып қалған

0
1 819

Дәрігерлер қызға бет нервтерінің сал ауруы диагнозы қойған.


ERNUR.KZ. 12 қыркүйекте 29 жастағы қытайлық келіншек бұрын да бетін түзетіп жүрген жергілікті сұлулық клиникасына барып, бетіндегі әжімдерін кетіру үшін инъекция салдырған. Алайда, бұл жолы оның жолы болмады, деп жазады zakon.kz.

Бір аптадан кейін, 19 қыркүйекте ұйқысынан оянған келіншек бетінің бір жартысы жансызданып қалғанына куә болады. Аузы қисайып, сол жақ қабағы түйіліп, ашылмай қалған, сол секілді сол көзін де толық жаба алмай қалған. Оның үстіне тамақты да шайнай алмайтын болыпты, сол үшін оны сұйықтай түтікшемен ішуіне тура келуде.

- Күн сайын өзімді айнадан көрген сайын өліп қалғым келеді, - дейді шарасыз Чжао.

Мамандандырылған ауруханаға тексерілген Чжаоға дәрігерлер бет нервтерінің сал ауруы диагнозы қойған. Өкінішке орай, дәрігерлер оған бетінің қалпына келуі үшін қанша уақыт кететінін айта алмапты. Ал сұлулық салоны келіншекке өтемақы төлеуден бас тартқан. Себебі дәрігерлер беттің жансыздануының себебін атап көрсетпеген. Сол үшін келіншек енді өзі қаралған аурухананы сотқа беріп жатыр.