Омбы тұрғындары жаппай Қазақстанға көшіп жатыр

0
962

Омбы облысының тұрғындары жаппай Қазақстан мен Украинаға көшіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Омск здесь" басылымына сілтеме жасап.


Омбы тұрғындары жаппай Қазақстанға көшіп жатыр

Омбы облысының тұрғындары жаппай Қазақстан мен Украинаға көшіп жатыр, - деп хабарлайдыTengrinews.kz "Омск здесь" басылымына сілтеме жасап.

Омбы облысының мемлекеттік статистиканың федералды қызметінің мамандары жүргізген зерттеу осындай қорытынды көрсеткен. "2017 жылғы көші-қон көрсеткіштері бойынша 4721 омбылық Қазақстанға, Арменияға 323 және Украинаға 696 адам көшкен. Сонымен қатар, 320 омбылық Германияға, 21 адам Вьетнамға, 27 адам Грузияға, 20 адам АҚШ-қа және 11 адам Канадаға қоныс аударған", - деп жазады басылым. Жалпы бұл аймақтан бір жылда 63 935 адам қоныс аударып, 54 82 адам көшіп келген. Осылайша, 2016 жылмен салыстырғанда көші-қон салдарынан адам санының кемуі 66 пайызға артқан. "Омбыны тастап кетіп жатқандардың басым бөлігі еңбек жасындағы адамдар", - деп жазады басылым. Статистика комитетінің мәліметінше, 2017 жылы Казақстанға 35 680 азамат қоныс аударған.