Он күнде 53 бала жемістен көз жұмды

0
1 128

Бүкіл балалар өлім алдында кұрамында токсин болуы мүмкін личи деген жемісті жеген.


Он күнде 53 бала жемістен көз жұмды

ERNUR.KZ. Үндістандық Бихар штатындағы Музаффарпур округінде 10 күн ішінде 53 бала көз жұмды, деп жазады ktk.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, бүкіл балалар өлім алдында кұрамында токсин болуы мүмкін личи деген жемісті жеген. Қазіргі таңда, жан сақтау бөлімінде ұқсас симптомдармен 40 бала жатыр.

Дереккөздердің айтуынша, личиге байланысты бұндай аурудың тарауы 1995 жылдаң бері әр жаз сайын болып тұрады. Жергілікті қауым ішінде “Чамки Бухар” атқа ие болған ауру 2014 жылы 150 адамның өмірін алып кетті.