Оңтүстік Африка Республикасында жаппай тәртіпсіздіктер басталды

0
829

Негізгі қызметтердің қымбаттығына наразы жергілікті тұрғындар Йоханнесбург қаржы орталығының солтүстік-шығысындағы Тембиса қаласында жолдарды дөңгелектермен қоршап, муниципал ғимаратты өртеп жіберді.


Оңтүстік Африка Республикасында жаппай тәртіпсіздіктер басталды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Африка Республикасында энергия бағасының өсуі мен өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты тәртіпсіздіктер басталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Негізгі қызметтердің қымбаттығына наразы жергілікті тұрғындар Йоханнесбург қаржы орталығының солтүстік-шығысындағы Тембиса қаласында жолдарды дөңгелектермен қоршап, муниципал ғимаратты өртеп жіберді. Билік полициямен болған атыс кезінде екі адам қаза тапқанын мәлімдеді. Кейін Оңтүстік Африканың Қорғаныс министрлігі өртенген ғимарат кіреберісінде тағы екі мәйіт табылып, қаза тапқандардың жалпы саны төртке жеткенін хабарлады. Полицейлер екі адамның өліміне не себеп болғанын әзірге растаған жоқ. Тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, әлемдегі жұмыссыздық пен қылмыс деңгейі ең жоғары елдердің бірі саналатын Оңтүстік Африкада наразылық шерулері жиі болып тұрады. Eskom ұлттық коммуналдық кәсіпорнының қарыздары көп, жұмысшылары ереуілге шығып жатыр. Сол себептен, кейінгі айларда электр қуатының үзілуі де көбейді.

Бұған дейін ОАР президенті Сирил Рамафоса адам ұрлады және пара алды деп айыпталған болатын.