Оңтүстік Африкада су тасқыны салдарынан табиғи апат жарияланды

0
763

Оңтүстік Африкадағы су тасқынына сәуір айының ортасында басталған нөсер жаңбыр себеп болды.


Оңтүстік Африкада су тасқыны салдарынан табиғи апат жарияланды

ERNUR.KZ. Билік келтірілген шығынды 684 миллион долларға теңеді, деп жазады Zakon.kz.

Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафоса КваЗулу-Натал провинциясындағы су тасқыны салдарынан елде табиғи апат орын алды деп жариялады. Рамафоса режимнің енгізілгенін Twitter-де жариялады.

Бұған дейін су тасқынынан қаза тапқандар саны 443 адамға жеткені белгілі болған. Кем дегенде 120 мектепті су басқан.

Су тасқынына бір апта бұрын басталған толассыз жауын себеп болған. Билік келтірілген шығын 684 миллион долларға тең деп отыр.