Оңтүстік Корея ресейлік әскери ұшаққа ескерту жасап, оқ жаудырды

0
80

Ресейлік әскери ұшақты ұстау үшін F-15 және F-16 ұшақтары әуеге көтеріліп, оған шамамен 360 оқ жаудырған. Бұл оқиға Жапония таласушы Токто аралы көгінде орын алған.


Оңтүстік Корея ресейлік әскери ұшаққа ескерту жасап, оқ жаудырды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея "көгіме баса-көктеп кірді" деп ресейлік атқыш ұшаққа ескерту түрінде жүздеген оқ жаудырды, деп жазады zakon.kz.

Министрлік ресейлік әскери ұшақтың Оңтүстік Корея әуе қорғаныс кеңістігін бірінші рет бұзып тұрғанын мәлім еткен. Осы жайтқа байланысты Оңтүстік Корея ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы ресейлік әріптесі Николай Патрушевке ескерту нотасын жолдады.


- Біз бұл жайтты өрескел заңбұзушылық деп қабылдаймыз, егер ол қайталанатын болса, біз шешуші әрекетке барамыз, - дейді ЧОН Ый Еннің мәлімедемесіне сілтеме жасаған президент әкімшілігіндегілер.

Ресейлік әскери ұшақты ұстау үшін F-15 және F-16 ұшақтары әуеге көтеріліп, оған шамамен 360 оқ жаудырған. Бұл оқиға Жапония таласушы Токто аралы көгінде орын алған.

Ал өз кезегінде Ресей қорғаныс министрлігі Ту-95МС стратегиялық бомбалаушы ұшақ Оңтүстік Кореяның әуе кеңістігін бұзбады деп мәлімдеді.

- Келіп түскен деректерден көріп отырғанымыздай, Ту-95МС ұшағы халықаралық ережеге сай Токто аралынан 25 шақырым қашықтықта айнала ұшқан. Ол Оңтүстік Кореяның әуе кеңістігін бұзбаған, - дейді Ресей қорғаныс министрлігі.


Дегенмен РФ Қорғаныс министрлігі Оңтүстік Корея танитын "Әуе қорғанысы аймағын" Ресейдің мойындамайтынын да ескерте кетті.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет