Оңтүстік Корея Украинаға 30 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек жібереді

0
722

​Бұған дейін АҚШ 100 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек көрсету туралы шешім қабылдаған болатын.


Оңтүстік Корея Украинаға 30 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек жібереді

ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея Украинаға тағы 30 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Жалпы бөлінетін қаражат көлемі – 40 миллион доллар. 7 сәуірде Оңтүстік Корея министрі Брюссель қаласында НАТО мен серіктес мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысып, бірқатар келіссөз жүргізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Украинаға қосымша көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

"Оңтүстіккореялық үкімет Украинаға жалпы 40 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетіп, тағы да басқа қолдау шараларын қарастырады", – деді ол.

6 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 100 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Америкалық президент қол қойған меморандумның мәтініне сәйкес, бөлінген қаражат қорғаныс құралдары мен қызметтерді сатып алуға, оқыту және жаттығу шараларына бағытталады.