Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандық бойжеткеннің денесі өлі табылды

0
861

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашов мәлімдеді.


Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандық бойжеткеннің денесі өлі табылды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандық бойжеткеннің денесі өлі табылды, деп жазады Zakon.kz.

"Қалалық полициядан алынған ақпаратқа сәйкес, қыз ваннада асулы күйі табылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оңтүстік Кореядағы Қазақстан Республикасының елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның туыстарына барлық консулдық және құқықтық көмек көрсетуге дайын", - деді Алмашов.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, марқұм Орал қаласының тұрғыны болып табылады.