​Оңтүстік Кореяда екі ұшақ соқтығысып қалды

0
1 494

Бұл оқиға болған кезде ұшақта жолаушылар болмаған.


​Оңтүстік Кореяда екі ұшақ соқтығысып қалды

Бұл жағдай нөсерлі жауын кезінде болған, деп жазады ria.ru сайты. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ERNUR.KZ. хабарлайды.

Оңтүстіккореялық Кимпхо әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды. Air Korean әуекомпаниясының ұшағы артқы бөлігі Asiana Airlines әуе кемесінің қанатына тиіп кетті. Әуежайда бірқатар рейс тоқтатылды.

Бұл оқиға болған кезде ұшақта жолаушылар болмаған.