Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған төртінші адам көз жұмды

0
755

Төрт адамның үшеуі оңтүстік-шығыстағы Чхондо қаласында Даенам ауруханасында болған.


Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған төртінші адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Жексенбі күні Оңтүстік Корея жаңа коронавирустан төртінші адамның қайтыс болғанын және 123 адамның жұқтырғанын хабарлады. Осылайша диагнозы расталған адамдар саны 556-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төрт адамның үшеуі оңтүстік-шығыстағы Чхондо қаласында Даенам ауруханасында болған. Сол жерде вирустан алғаш рет қайтыс болған адам тіркелді. Кейінірек 110 адамның ауру жұқтырғаны, соның ішінде тоғыз адамның медицина қызметкері болғаны анықталды. Кореяның ауруды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәліметінше, 123 адамның 75-і оңтүстік-шығыстағы Тэгу қаласында Синчхонджи шіркеуіндегі діндар адамдармен байланыста болған. KCDC осы діни ағымның 9000 мүшесінің карантинге жабылғанын мәлім етті.

Бүгінде Оңтүстік Кореяда 18 науқас толықтай айыққан. Еске салайық, жұма күні Оңтүстік Корея Тэгу қаласы мен оған жақын орналасқан Чхондо округін «ерекше бақылау аймағы» деп жариялады.