Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 4212-ге жетті

0
633

Дерттен тағы 4 тұрғын көз жұмды.


Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 4212-ге жетті

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда соңғы бір тәулікте тағы 476 адам коронавирусты жұқтырып, індетке шалдыққандардың саны 4212-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерттен тағы 4 тұрғын көз жұмды. Коронавирусты жұқтырғандардың көбі Тэгу қаласы мен Кёнсан-Пукто провинциясының тұрғындары. Сеулде де ауырғандардың қатары өсіп, 91-ге жеткен. Қалада сауда орындарын залалсыздандыру жүріп жатыр. Билік індеттен төнген қауіптің деңгейін ең жоғары деңгейге көтерді. Індеттің таралуына тосқауыл қою үшін дертпен күреске әскери дәрігерлер жұмылдырылып жатыр.

- Шынымды айтсам, қазіргі жағдай қатты алаңдатады. Менің үйіме жақын жердегі ауданда бір адамның дертке шалдыққанын естідім. Мүмкін көшеде мен оның қасынан өткен де шығармын. Бұл өте жұқпалы дерт, сондықтан не істейтінімді білмеймін. Көшеге шығуға қорқатын болдым, - дейді студент Ким Тэ Хон.