Оңтүстік Кореяда «Шырайлы Шымкент» кафесі ашылды (видео)

0
3 829

"Шымкенттіктер пысық" деген жазбамен Instagram​ желісінде бейнежазба жарияланды.


Оңтүстік Кореяда «Шырайлы Шымкент» кафесі ашылды (видео)

Оңтүстік Корея Республикасы, Нонсан қаласында «Шырайлы Шымкент» кафесі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Qolbet» Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған бейнежазбада Оңтүстік Корея елінде «Шырайлы Шымкент» кафесінің ашылғандығы, сондай-ақ бейнежазбада дәмхананың жаңадан ашылғандығына орай кішігірім ас беріліп жатқандығы туралы айтылған.

Бейнежазбада байқалғандай, кафе ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Кіреберіс маңдашасына Шымкент қаласының логотипімен «Шырайлы Шымкент» кафесінің атауы орналыстырылған.

Желі қолданушылары бейнежазба астына «Жарайсыңдар!!!», «Ісіне сәттілік», «Кореяға барсақ өтеміз» деген сынды жағымды пікірлер қалдырып, қолдау көрсетуде.



Естеріңізде болса, Оңтүстік Кореяға оқуға барған Қазақстан азаматы сол елде кәсіп ашып, іскер атанған болатын. Ол бүгінде Инчхон қаласында косметикалық фабриканың иесі, ондағы өнідірлген өнімдер Қытай, Жапония, Еуропа, АҚШ сынды елдерде үлкен сұранысқа ие болып жатқаны туралы жарияланған еді.