​Орман өртінен 70-тен астам адам тірідей жанып кетті

0
1 748

Әлі мыңдаған адам іздестіріліп жатыр.


​Орман өртінен 70-тен астам адам тірідей жанып кетті

ERNUR.KZ. Калифорнияның солтүстігінде орман өртеніп, 74 адам көз жұмды. Сондай-ақ, мыңдаған адам іздестіріліп жатыр, деп жазады sputniknews.kz.

Осы уақытқа дейін штаттың солтүстігіндегі өрт салдарынан 74 адамның көз жұмып, 630 адамның із-түссіз жоғалғаны хабарланған еді. Көз жұмғандардың мәйіті Парадайз және Магалия қалаларынан табылды.

Билік із-түссіз жоғалғандардың тізімі қысқарады деген үмітте. Себебі, кей жерде бір адамның есімі қайталанған болуы мүмкін.

Калифорнияның солтүстігінде болған өртті жұрт Camp деп атайды. Ол өткен аптада, 8 қараша күні басталды. Бұл штат тарихындағы ең жойқын күшке ие өрт болды. Қазіргі таңда тілсіз жау шарпыған аумақ 59 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ, 6 мыңға жуық құрылыс нысаны қирады.