​Орталық Азияда Өзбекстан әскері ең мықты болып танылды

0
4 503

Global Firepower жасаған рейтинг бойынша, Орталық Азияда Өзбекстан әскері ең мықты болып танылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Орталық Азияда Өзбекстан әскері ең мықты болып танылды

фото: uz.utro.news

Global Firepower жасаған рейтинг бойынша, Орталық Азияда Өзбекстан әскері ең мықты болып танылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ca-news.org-қа сілетеме жасап. Бұл тізім Global Firepower-дің сайтында жарияланды.

Әскери қарулы күштердің мықтылығы жағынан бұл тізімде Қазақстан 50-орынды иеленген. Ал орталық Азияда ең мықты әскери күш әрі қауіпсіздік жағынан Өзбекстан көш бастады. Көрші өзбек елі тізімде 39-орында (өткен жылдың қорытындысы бойынша 48-орында болған). Сонымен қатар, тізім бойынша көршілес Қырғызстан – 91-орында, Түркіменстан – 80-орынға шықты.

Рейтингке әлемнің 136 елі енген. Оның ішінде ең бірінші орында АҚШ, екінші орында Ресей, үшінші орында Қытай елдерінің қарулы күштері көш бастап тұр.

Global Firepower тізімді жасауда 55 факторды есепке алған. Оның ішінде мемлекеттер қарулы күштерге жұмсайтын экономикалық ресурстар да бар.