Өртке оранған Аустралияда жаңбыр жауды

0
926

Қаңтардағы жаңбыр ауаны түтіннен тазартып Мельбурн тұрғындарының кең тыныстауына мүмкіндік берді.


Өртке оранған Аустралияда жаңбыр жауды

ERNUR.KZ. Шығыс Аустралияда көптен күткен жаңбыр жауды. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл жаңбыр 28 адам мен миллиардқа жуық жануар түрлерінің өмірін қиған орман өртін тоқтатуға, тым болмағанда бақылауға алуға көмектеседі, деп жазады ҚазАқпарат.

Тілсіз жаудың белең алуына ұзаққа созылған құрғақшылық себеп болды. Климатологтар оны жаһандық жылынумен байланыстырады. Аустралиядағы орман өрті қыркүйек айынан бері тоқтамай жатыр. Желтоқсанда елдегі орташа температура 42 Цельсий градусқа жуықтады. Қызыл жалын 2000 үй мен 10 млн гектар орманды жойды. Бұл Португалия және Оңтүстік Корея секілді елдердің жалпы аумағынан да көп. Қазіргі уақытта сұрапыл өрт Жаңа Оңтүстік Уэльс оңтүстік-шығыс штатында жалғасып жатыр.

Қаңтардағы жаңбыр ауаны түтіннен тазартып Мельбурн тұрғындарының кең тыныстауына мүмкіндік берді. Синоптиктердің болжауынша, Жаңа Оңтүстік Уэльстегі жауын –шашын аптаның соңына дейін жалғасады.