Орынборда кәсіпорын қызметкері тірідей шемішкіге көміліп, қаза тапты

0
775

58 жастағы әйел шемішке толы металл қорапқа құлаған.


Орынборда кәсіпорын қызметкері тірідей шемішкіге көміліп, қаза тапты

ERNUR.KZ. Ресейдің Орынбор облысында "Саринский элеватор" АҚ аумағындағы қоймада шемішкі толы металл қорап ішінен 58 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Оның денесінде зорлық белгілері болмаған, деп жазады kaz.nur.kz.

Алдын ала деректерге қарағанда, жұмыс кезінде кәсіпорын қызметкерін дәндерді кептіруге шығаратын воронкаға тартып кеткен. Сөйтіп ол шемішке толы металл қорапқа құлаған.

Нәтижесінде әйел адам ауа жетпегеннен тұншығып өлген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы толық тексерілуде.