ОСК Путинді президенттікке кандидат ретінде тіркеді

0
444

Қазіргі уақытта Ресей президенті лауазымына 11 адам таласуда, деп хабарлады РФ орталық сайлау комиссиясы.


ОСК Путинді президенттікке кандидат ретінде тіркеді

ERNUR.KZ. Ресейдің орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді 2024 жылдың наурыз айында өтетін сайлауға кандидат ретінде тіркеді, деп жазады sputnik.kz.

"2024 жылғы 29 қаңтарда сағат 11:23-те Ресей Федерациясының президенттігіне кандидат ретінде 1952 жылы туған Владимир Путин тіркелсін", - делінген орталық сайлау комиссиясының дүйсенбі күні өткен отырысында қабылданған қаулыда.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Путиннің атынан оны қолдайтын 315 мың қол жиналған.
"Жұмыс тобын тексеру нәтижелері бойынша жиналған қолдың 0,15%-і жарамсыз екені анықталды, бұл кандидатты тіркеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті комиссия.
Еске сала кетейік, федерация кеңесінің шешіміне сәйкес Ресейде президент сайлауы 2024 жылдың 17 наурызында өтеді.
Бұл ретте ресейліктер 15, 16 және 17 наурызда дауыс бере алады.
Әзірге президенттікке 11 адам таласуда. Тіркелген кандидаттар арасында парламенттік партиялардың өкілдері Леонид Слуцкий, Николай Харитонов және Владислав Даванков бар. Оларды қолдау үшін қол жинау талап етілмейді.
Өзін-өзі ұсынушылар – Владимир Путин, Рада Русских, Анатолий Баташев кем дегенде 300 мың қол жинауы керек. ОСК барлық кандидатты тіркеу туралы шешімді 10 ақпаннан кешіктірмей қабылдауы тиіс.