"Оскар" сыйлығын табыстау рәсімі офлайн өтеді

0
2 655

«Оскар» иегерлері 25 сәуірде Лос-Анджелестегі Dolby театрында белгілі болады.


ERNUR.KZ. «Оскар» премиясын табыстау рәсімі сәуір айында офлайн өтеді, деп хабарлайды Хабар24.

Оған Zoom платформасы арқылы қатысуға тыйым салынады, деп жазды Hollywood Reporter.


«Әрине, ең бірінші ойға келетіні – бұлай жасау қауіпсіз бола ала ма? Жауабы: иә, қауіпсіз етуге болады», - делінген хабарламада.


Ұйымдастырушылар іс-шарада коронавирусты анықтайтын ПТР-тесттердің сол уақытта нәтижелерін беретін жүйе жұмыс істейтінін хабарлады. «Оскар» иегерлері 25 сәуірде Лос-Анджелестегі Dolby театрында белгілі болады.