"Оскар" сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

0
651

«Үздік режиссер» атағы «Көшпенділер жері» фильмі үшін Хлоя Чжаоға берілді.


ERNUR.KZ. Лос-Анджелесте «Оскар» сыйлығы 93-ші рет тапсырыла басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлем көз тіккен іс-шара дәл қазір коронавирусқа байланысты «Union Station» теміржол вокзалында қарапайым жағдайда өтіп жатыр. Алғашқы жеңімпаздар белгілі болды. Атақты «Disney» студиясының «Жан» мультфильмі «Үздік анимациялық фильм» аталымын жеңіп алды.

«Үздік режиссер» атағы «Көшпенділер жері» фильмі үшін Хлоя Чжаоға берілді.

Даниялық Томас Винтербергтің «Тағы да бір» деп аталған киносы «Үздік шетелдік фильм» деп танылды.

Ұйымдастырушылар алдын ала ескерткендей, бұрынғыдай көздің жауын алатын көйлектерді көрсететін шеру өтіп жатқан жоқ. Бірақ қызыл кілем төселді.