Оңтүстік Корея экс-президенті 24 жылға сотталды

0
1 551

Экс-президент өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарды. Ол сотқа қатысқан жоқ. Сот отырысы Оңтүстік Корея телеарнасынан тікелей эфирден берілді.


Оңтүстік Корея экс-президенті 24 жылға сотталды

Сеул соты Оңтүстік Корея экс-президенті Пак Кын Хені 24 жылға соттады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар, билікті теріс мақсатта пайдаланды және коммерциялық компанияға заңсыз болысты деп айыптады, деп жазады Azattig.org.

Прокурор бұған дейін 66 жастағы Пак Кын Хені 30 жылға соттап, 110 миллион доллар айыппұл салуды сұраған.

Экс-президент өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарды. Ол сотқа қатысқан жоқ. Сот отырысы Оңтүстік Корея телеарнасынан тікелей эфирден берілді.

2017 жылы 10 наурызда Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты Пак Кын Хені бірауыздан президент қызметінен босатқан. Пак Кын Хеге импичмент жариялау шарасын 2016 жылы желтоқсанда Оңтүстік Корея парламенті президенттің жақын серігі сыбайлас жемқорлыққа қатысты дауға шатылған соң бастаған.