Өзбек-қытай вакцинасын алғандар кіші қажылыққа бара алмауы мүмкін

0
778

Сауд Арабиясы Өзбек-қытай вакцинасын мойындамаған.


Өзбек-қытай вакцинасын алғандар кіші қажылыққа бара алмауы мүмкін

ERNUR.KZ. Өзбекстанда COVID-19 вирусына қарсы өзбек-қытай вакцинасын салдырғандар Сауд Арабиясына кіші қажылыққа бара алмайды, деп жазады centralasian.org.

Telegram-каналында хабарланғандай, ZF-UZ-VAC2001 өзбек-қытай вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тіркеуінен өтпеген. Сол себептен Сауд Арабиясы оны мойындамайды.

Podrobno.uz сайтының хабарлауынша, қазір өзбек билігі Сауд Арабия билігімен аталған вакцинаны мойындау жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.

"Қазір егер Сауд Арабиясы өзбек-қытай вакцинасын үзілді-кесілді мойындаудан бас тартса, онда ол вакцинаны алғандарға ДДСҰ мойындаған кез-келген вакцинаның үшінші компонентін алуды ұсынамыз. Бұл жөнінде алдын ала хабарлаймыз", - деп мәлімдеді Санитарлық-эпидемиологиялық саулық қызметінің басшысы Нурмат Атабеков

Сауд Арабиясына қажылыққа бару үшін Pfizer/BioNTech (США/Германия), AstraZeneca (Ұлыбритания), Moderna (АҚШ) және Johnson & Johnson (АҚШ) вакциналарының бірін алуы керек.