Өзбекстан коронавирус жұқтырғандарға бес күн ішінде аурухана салады

0
1 172

Қазіргі уақытта Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 65 адамға жетті.


Өзбекстан коронавирус жұқтырғандарға бес күн ішінде аурухана салады

ERNUR.KZ. Өзбекстанда коронавируспен күресу мақсатында ауруханалар салына бастады. Алғашқы ауруханалардың бірі бес күн ішінде пайдалануға берілмек, деп хабарлайды жазады tengrinews.kz.

Дереккөз мәліметінше, жаңа үш аурухананы Ташкентте салу жоспарланып отыр, сондай-ақ, Өзбекстанның басқа облыстарында да ауруханалар салынатыны айтылады.

Жергілікті телеарналар алғашқы аурухананың бірі Юкоричирск ауданында, ал екіншісі Зангиан ауданында салынатынын хабарлайды.

Өзбекстанның құрылыс істері министрі Батыр Зәкіровтің айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша елде тез арада ауруханалар салу жоспарланды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 65 адамға жетті.