Өзбекстан президенті ЕАЭО саммитіне қатыспайды

0
562

Бұл туралы Қырғыз СІМ баспасөз қызметінің басшысы Шыңғыс Қостебаев "Интерфаксқа" хабарлады.


Өзбекстан президенті ЕАЭО саммитіне қатыспайды

ERNUR.KZ. Шавкат Мирзиеевтің жұмаға жоспарланған Бішкекке сапары басқа мерзімге ауыстырылады, деп жазады inbusiness.kz.

"Өзбекстан президентінің мемлекеттік сапары желтоқсан айында өтеді", - деді Қостебаев.

Оның айтуынша, Мирзиеев 9 желтоқсанда Бішкекте өтетін ЕАЭО саммитіне қатыса ала алмайды. Өзбекстан көшбасшысының мемлекеттік сапарының күнін ауыстыруға не себеп болғаны айтылған жоқ.

Бұған дейін Қырғызстан СІМ баспасөз қызметінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 9 желтоқсанда Қырғызстанға келеді, 10 желтоқсанда оның Бішкекке мемлекеттік сапары өтеді деп хабарлаған болатын.

Сапар барысында бірқатар құжаттарға қол қою, сондай-ақ қырғыз-өзбек шекарасы бойынша ратификациялық грамоталармен алмасу жоспарланған болатын.