Өзбекстан президенті математикаға ерекше көңіл аударуды тапсырды

0
877

Шавкат Мирзиеев мұғалімдерге айтарлықтай назар аудармағанын, оларға лайық жалақы бермегенін тілге тиек етті.


Өзбекстан президенті математикаға ерекше көңіл аударуды тапсырды

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елдегі математиканы оқытудың ескі әдістемесін сынады. Енді балабақшада, мектепте және жоғары оқу орындарында математика оқытуды арнайы институт үйлестіреді, деп жазады Tengrinews.kz.


Мирзиеев 12 маусымда Ташкенттегі Студенттер қалашығында салынған Математика институтының жаңа ғимаратын аралады. Бұл жерде жеті ғылыми зертхана және Жас математиктер орталығы жұмыс істейді.
Өзбекстан президенті институт "барлық ғалым үшін ағартушы орталық болу керегін" және "ел дамуы үшін негіз болатын білім мен ғылымның тығыз байланысын қамтамасыз ету керегін" атап өтті.

"Математика қанымызда бар. Соңғы 20 жылда бұл ғылымдағы білім деңгейіміз төмендеп кетті. Себебі біз мұғалімдерге айтарлықтай назар аудармадық, оларға лайық жалақы бермедік, алдарына нақты мақсат қоймадық. Қазір көптеген салада осының салдары білініп жатыр", - деді Мирзиеев.