Өзбекстан президентінің ресми рәміздері болады

0
787

Мұндай рәміздер Өзбекстан тәуелсіздік алған 30 жылда алғаш рет енгізілді.


Өзбекстан президентінің ресми рәміздері болады

ERNUR.KZ. Өзбекстан президентінің ресми рәміздері - белгісі мен штандарты болады. Президент Шавкат Мирзияев 25 қазанда осындай заңға қол қойды, деп жазады centralasian.org.

Инаугурация салтанаты кезінде мемлекет басшысына арнайы белгі мен штандарт тапсырылады.

Мұндай рәміздер Өзбекстан тәуелсіздік алған 30 жылда алғаш рет енгізілді.

Штандарт президент қатысатын маңызды жиындарда, сонымен бірге президент резиденцияларында көтеріледі. Президент белгісі халық пен қоғам сенімін білдіреді.

Заңға сәйкес, президент белгісі мен штандартын сипаттау мен ресми пайдалану тәртібін президент анықтайды. Әзірге президент белгі мен штандарт сипатын жарияламады.