Өзбекстанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

0
1 433

Экипаж мүшелері қаза тапты.


Өзбекстанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. Өзбекстанның әуе қорғанысы әскерлері мен әуе күштері қолбасшылығының Ми-8 әскери тікұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға "Каттакурган" полигонында болды. Экипаж мүшелері қаза тапты.

"Қазір арнайы комиссия апаттың себебін анықтап жатыр", — деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.