Өзбекстанда Cobalt көлігінің газ баллоны жарылып, 3 жасар бала көз жұмды

0
979

24 желтоқсан күні сағат 09:50 шамасында Cobalt көлігі аудандағы дәмханалардың бірінің тұрағында болған.


Өзбекстанда Cobalt көлігінің газ баллоны жарылып, 3 жасар бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Науаи облысының Қызылтөбе ауданында Cobalt көлігіне орнатылған газ баллоны жарылған. Салдарынан жүргізуші жарақат алып, оның 3 жасар баласы ауруханада көз жұмды, деп жазады Kazinform.

24 желтоқсан күні сағат 09:50 шамасында Cobalt көлігі аудандағы дәмханалардың бірінің тұрағында болған. Сол кезде көлікте орнатылған метан газы баллонының жарылуы салдарынан жүргізуші мен оның 3 жасар баласы түрлі дене жарақаттарын алып, аудандық ауруханаға жатқызылған.

Жүргізушінің баласы аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қазіргі уақытта ІІБ жағдайға байланысты тергеу жүргізіп жатыр, делінген хабарламада.