Өзбекстанда коронавируспен ауырғандарға тіл тигізгендер жауапқа тартылады

0
703

Айыппұл көлемі 9 млн сом.


Өзбекстанда коронавируспен ауырғандарға тіл тигізгендер жауапқа тартылады

ERNUR.KZ. Өзбекстанда коронавируспен ауырғандарға тіл тигізгені үшін жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәлірек айтқанда, карантинде жатқан науқастың не болмаса емделіп шыққан азаматтың ар-намысын қорлап, олардың жеке мәліметтерін жариялағандар әкімшілік жазаға тартылады. Айыппұл көлемі 9 млн сом. Бұл біздің валютаға шаққанда шамамен 400 мың теңге. Тіпті ойланбай сөйлеп, опық жегендер 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгінде көрші мемлекетте 1380 коронавирус дерегі тіркелгенін айтып кету керек. Кей жағдайда қауіпті індет дәрігерлердің немқұрайлығынан тарап жатса керек. Бұл туралы осы елдің Бас прокуратурасы мәлімдеді.

- Өкінішке қарай, кейбір дәрігерлер алаңғасарлық танытып жүр. Мәселен, Ташкентте бір азаматтың дене қызуы көтеріліп, ол 16 күн бойы қалалық емханаға барып қаралған. Ал дәрігерлер оған медициналық көмек көрсетіп, үйіне жібере салған екен. Науқастың денсаулығы қатты сыр берген кезде ғана медицина қызметкерлері анализ алып, нәтижесінде бұл адамның коронавирус жұқтырғанын анықтайды. Ал ол осы уақыттың ішінде 30 азаматпен байланыста болып үлгерді. Қазір олардан да вирустың белгілері байқалып жатыр, - дейді Өзбекстан Респубикасы Бас прокуратурасының басқарма бастығы Содикжон Бердиалиев.