Өзбекстанда крипто өндірісіне шектеу қойылды

0
488

Мемлекет азаматтарға крипто өндірісімен айналысуға заңды түрде тыйым салды.


Өзбекстанда крипто өндірісіне шектеу қойылды

ERNUR.KZ. Электр энергиясынан жиі тапшылық көретін Өзбекстан майнингтік фермалардың келуінен қауіптенеді, деп жазады 24.kz.

Мемлекет азаматтарға крипто өндірісімен айналысуға заңды түрде тыйым салды. Ал егер бұл іске жұмсалатын энергия баламалы көздерден алынса, онда рұқсат етіледі. Оның өзінде салық органдарында заңды тұлға ретінде тіркелу қажет. Сәйкесінше алым-салығы әдеттегіден көбірек болады.

Әзірге Өзбекстанда ресми түрде жұмыс істейтін майнингтік фермалар жоқ. Таяуда елде бірқатар заңсыз крипто өндірісінің жолы кесілді. Фермалардың жұмысы тоқтап, кінәлілер жауапқа тартылды.

"Бізде жеке тұлғаларға бекітілген арнайы тариф бар. Ол мемлекет тарапынан субсидияланады. Крипто ресурсқа иелік ететін адамдар қарапайым емес. Олар жеңілдікті теріс әрекеттерге қолданып кетпеуі керек. Криптоқаржы әдетте тек бай-бағландарда болады. Сондықтан олар майнингпен айналысқысы келсе, осы ретте электр қуатына екі есе тарифтің қолданылуын талап етеміз", - дейді энергетика министрлігі жобалық кеңсе директорының орынбасары Бахром Омарбеков.