Өзбекстанда мектеп жатақханасындағы 32 оқушы тамақтан уланып, ауруханаға түсті

0
1 519

Бұл жағдайда интернат мейірбикесі алғашқы медициналық көмек көрсеткені атап өтіледі.


Өзбекстанда мектеп жатақханасындағы 32 оқушы тамақтан уланып, ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Өзбекстан Мамандандырылған білім беру ұйымдары агенттігінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 18 қаңтарында сағат 22:00-24:00 аралығында Сұрхандария облисы Сариосиё ауданының мамандандырылған мектеп-интернатында жатақханада ұйықтап жатқан 32 оқушының денсаулығына байланысты мәселе туындап, жүрек айну, асқазан мен іш ауру белгілері байқалған, деп жазады Kazinform.

Бұл жағдайда интернат мейірбикесі алғашқы медициналық көмек көрсеткені атап өтіледі. Оқушылар жедел жәрдем қызметкерлерінің нұсқауымен қосымша көмек алу үшін аудандық медициналық бірлестікке жеткізілді. «Азизбек Омад Учкуни» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі интернат асханасында аутсорсинг негізінде жұмыс істейді.

Биылғы жылдың 19 қаңтарында Сариосиё ауданының санитарлық-эпидемиологиялық орталығы интернат асханасының санитарлық жағдайын тексеріп, 18 қаңтарда оқушыларға берілген таңғы, түскі және кешкі астың сынамалары сараптама жасау үшін алынған.

«Қазір барлық оқушылардың денсаулығы жақсы, сабаққа белсене қатысуда. Жағдай ІІБ, СЭС және Мамандандырылған білім беру ұйымдары агенттігінің бақылауында екенін атап өткіміз келеді», - делінген хабарламада.