Өзбекстандағы хайуанаттар бағында аю қызметкерді өлтірді

0
650

Хайуанаттар бағының қызметкері оны тамақтандыру үшін аюдың қоршауына кірген.


Өзбекстандағы хайуанаттар бағында аю қызметкерді өлтірді

ERNUR.KZ. Андижан хайуанаттар бағында аю қызметкерге шабуыл жасады, деп жазады stan.kz.

Оқиға 3 қаңтарда сағат 16:00-де болды. Хайуанаттар бағының қызметкері оны тамақтандыру үшін аюдың қоршауына кірді. Жануар оған секіріп, мойнын тістеп алды. Ауыр жарақаттардан ер адам сол жерде мерт болды.

"Қожаабад ауданының ІІБ тергеу бөлімі тергеу жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді Өзбекстанның Андижан облысы ІІБ баспасөз қызметі.

Аю шабуылының себептері туралы айтылмайды.

2018 жылдың желтоқсанында сол хайуанаттар бағында күзетшіге екі арыстан шабуылдаған.