Өзбекстандық талапкерлер емтиханды ашық стадионда тапсырады

0
583

Ал тестілеу процесі телеарналарда тікелей эфирде көрсетіледі.


Өзбекстандық талапкерлер емтиханды ашық стадионда тапсырады

ERNUR.KZ. Өзбекстандық талапкерлер жоғары оқу орнына түсу үшін емтиханды ашық стадиондарда тапсырады, хабарлайды «Хабар 24».

Университеттердің ғимараттары эпидемиологиялық талаптарға сай болмағандықтан, биылғы тестілеу спорт алаңдарында өтпек. Сынақ қыркүйектің екісі басталып, екі апта жалғасады. Балалар емтиханды күннің салқын уақытында тапсырады деп жоспарланып отыр. Келер аптадан бастап жергілікті билік 40 стадионды тестілеуге дайындайды. Мұнда шатырлар орнатылып, дәрігерлер мен ата-аналарға барлық қажетті жағдай жасалады.

Сондай-ақ бейнебақылау камераларын да қою көзделген.

Ал тестілеу процесі телеарналарда тікелей эфирде көрсетіледі.


- Егер тестілеу күні талапкердің дене қызуы жоғары болса, онда оны медициналық қарауға жібереміз. Оның қорытындысы бойынша COVID-19 анықталмаса, ол сынақты бөлек тапсырады. Ал коронавирус жұқтырған балалар емтиханға жіберілмейтінін айтып кету керек. Сонымен бірге бұл жұқпалы аурумен ауырғандар емтиханға сауыққанын растайтын анықтамамен келуі тиіс, - дейді Мемлекеттік тестілеу орталығы директорының орынбасары Сардор Раджабов.