Өзінің туған күнінде: Alibaba компаниясының басшысы Джек Ма отставкаға кетті

0
40

Ол өзінің отставкаға кететіні туралы бір жыл бұрын ескерткен еді.


Өзінің туған күнінде: Alibaba компаниясының басшысы Джек Ма отставкаға кетті

ERNUR.KZ. Alibaba компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Джек Ма отставкаға кетті. Бұл қызметте оның орнын Дэниэл Чжан алмастырады, деп жазады stan.kz.

Alibaba компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма 10 қыркүйекте ресми түрде қызметінен кетті. Ол өзінің отставкаға кететіні туралы бір жыл бұрын ескерткен еді.

Ендігі компанияның директорлар кеңесінің төрағасы қызметін бас директор Дэниэл Чжен атқарады. Алайда Джек Ма компанияда стратегиялық шешімдерді қабылдауда маңызды рөл атқаратын болады.

Маның отставкаға кетуі оны 55-інші туған күні мен Қытайдағы Мұғалімдер күніне сәйкес келді. Кәсіпкердің өзі компанияның негізін қалағанға дейін мектеп мұғалімі болған. Ол отставкадан кейінгі болашағын білім берумен байланыстырады және қайырымдылықпен айналысуға ниетті.

Alibaba компаниясы 1999 жылы құрылған. Ол электронды сауда және цифрлық төлемдермен айналыстаын ең ірі компаниялардың бірі атанды. Кәсіпкердің өзі де үлкен жетістікке жетті: Джек Ма Қытай мен бүкіл әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналады.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет