Пәкістанда екі пойыз соқтығысып, 25 адам мерт болды

0
342

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы хабарланған жоқ.


Пәкістанда екі пойыз соқтығысып, 25 адам мерт болды

ERNUR.KZ. Дүйсенбі күні Пәкістанның оңтүстігінде екі жолаушылар пойызының соқтығысуы салдарынан кемінде 25 адам көз жұмды. Бұл туралы жергілік полиция мен құтқару бригадасы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға оңтүстік Синд провинциясының Готки қаласы маңында болған. Пойыздардың бірі рельстен шығып кетіп, кейіннен екінші жолаушылар пойызына соқтығысқан. Полиция өкілінің айтуынша, жергілікті тұрғындар, құтқарушылар мен полиция қаза тапқандар мен жарақат алған жолаушыларды жақын маңдағы ауруханаға жеткізуде.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы хабарланған жоқ.