Пәкістанда экстремистер тобы полиция офисін шабуылдаған

0
1 007

Полиция мәліметінше, ғимаратқа кем дегенде 8-10 экстремист кірген.


Пәкістанда экстремистер тобы полиция офисін шабуылдаған

ERNUR.KZ.Жұмыс күні Пәкістанның Синд провинциясындағы Карачи қаласында полицияның бас офисіне экстремистер шабуыл жасады, деп жазады ҚазАқпарат.

Содырлар тобы Карачи қаласының орталығында орналасқан полиция учаскесін басып алуға әрекеттенуде.

Полиция мәліметінше, ғимаратқа кем дегенде 8-10 экстремист кірген.

Телеканал хабарлағандай, қарулы қақтығыс жарты сағаттан астам жалғасып жатыр. Атыс салдарынан құтқару қызметінің қызметкері жарақат алды. Қазір ол ауруханада, өміріне қауіп жоқ.

Айта кетейік, соңғы кезде Пәкістанда террористік шабуылдар көбейді. Лаңкестік әрекеттер елде тыйым салынған радикалды топ «Техрик-и-Талибан Пәкістан» («Пәкістан тәлібтерінің қозғалысы», ТТП, тыйым салынған «Талибан» қозғалысымен байланысты) 2022 жылдың маусымында ислам республикасының үкіметімен жасалған бітімге келу туралы шарттың күшін жойғаннан кейін көбейді.