Пәкістанда жойқын жарылыс болды

0
730

Мотоциклге қойылған жарылғыш зат адам жиі шоғырланған дәріхана маңайында іске қосылған.


Пәкістанда жойқын жарылыс болды

ERNUR.KZ. Пәкістанның Белуджистан елді мекенінде жойқын жарылыс болып, екі бейбіт тұрғын ажал құшты, деп жазады «Хабар 24».

Тағы 25 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Мотоциклге қойылған жарылғыш зат Кветта қаласындағы адам жиі шоғырланған дәріхана маңайында іске қосылған. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді.

Әзірге ешқандай лаңкестік ұйым жарылысты өз мойнына алмады.