Пәкістандағы терактіні кім ұйымдастырғаны белгілі болды

0
540

Теракт 30 тамызда Хар қаласында болған еді.


Пәкістандағы терактіні кім ұйымдастырғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Пәкістандағы лаңкестік шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды, деп жазады ulysmedia.kz.

Теракт 30 тамызда Хар қаласында болған еді. “Ислам дін мамандарының жиыны” консервативті партиясының митингінже жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Салдарынан 50-ден астам адам мерт болып, шамамен 200 тұрғын жараланды.

Лаңкестер шабуылды тәліптерге қарсы ұйымдастырғандарын айтты. Өйткені бұл жиынға «Талибан» қозғалысымен байланысы бар партияның жақтастары қатысқан.

Теракт кезінде “Ислам дін мамандарының жиыны” партиясының аймақтық көшбасшысы Маулана Зиаулла да мерт болды. Жарылыс кезінде ол партияластары алдында сөз сөйлеп жатқан.