Палестина Газа секторындағы соққылардан 1537 адам қаза тапқанын хабарлады

0
599

Бірнеше күннің ішінде екі жақтан да мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты.


Палестина Газа секторындағы соққылардан 1537 адам қаза тапқанын хабарлады

ERNUR.KZ. Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан қаза тапқандар саны 1537-ге жетті, 6 мыңнан астам адам жарақат алды, деп жазады sputnik.kz.

"Израильдің Газа секторындағы агрессиясы салдарынан 1537 адам қаза тауып, 6612 адам жарақат алды", - делінген хабарламада.
Сенбі, 7 қазан күні палестиналық Хамас қозғалысының әскерилері Газа секторынан Израильге зымыранмен шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс күштері Газа секторында "Темір қылыш" операциясын бастады.
Сондай-ақ Израиль Газа секторына су, азық-түлік, электр қуаты, дәрі-дәрмек және отын жеткізу тоқтатылғанын жариялады.
Екі жақтан да мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, бірнеше мың израильдік пен палестиналық жараланған. Түрлі ақпарат көздеріне сәйкес, 150-ге жуық израильдік Хамастың тұтқынында болуы мүмкін.
Қазақстан азаматтары 10 қазанда Air Astana әуе компаниясының арнайы рейсімен Израильден эвакуацияланды.