Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды

0
974

Жерасты дүмпулері Иерусалимде, Рамаллада және Наблуста сезілді.


Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Палестинаның ресми AFP ақпарат агенттігі Наблус Джалал Әл-Дубейктегі сейсмологиялық орталыққа сілтеме жасап мәлімдеген.

Хабарламаға сәйкес, жер сілкінісінің ошағы 10 км тереңдікте жатқан. Жерасты дүмпулері Иерусалимде, Рамаллада және Наблуста сезілді.

Жәбірленушілер мен қиратулар туралы әлі ақпарат болған жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай бүгін жергілікті уақытпен түнгі сағат 03:22 Түркияда 4 балдық тағы да жер сілкінісі болды. Кеше де Түркияның Адыяман провинциясында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді.