Пандемия тағы 7 жылға созыла ма?

0
2 733

Алматылық эпидемиолог бұл болжамға жауап берді.


Пандемия тағы 7 жылға созыла ма?

ERNUR.KZ. Әлемдегі коронавирустық пандемия келесі жеті жылға созылмайды. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова осылай деп есептейді. Ол журналистердің сұрақтарына жауап беріп, баспасөз мәслихаты кезінде пікірін білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Коронавирус пандемиясы тағы жеті жылға созылуы мүмкін екені жайында мақала жарияланды. Мақалада мұндай сценарий болмас үшін әлем халқының төрттен үш бөлігіне вакцина салу керек делінген.

Қалықованың айтуынша, көп елде халықты иммундау басталды, оның ішінде Қазақстан да бар. Осыған байланысты эпидемиолог пандемия ұзақ уақытқа созылмайтынын атап өтті.

«Эпидемиолог ретінде пандемия тағы жеті жылға созылуы мүмкін деген мәлімдемемен келіспеймін. Себебі, көп елде халықты иммундау жұмыстары басталды. Жаппай вакциналау Қазақстанда да жүргізіліп жатыр. Бұл бір жыл ішінде иммундық қабатты жасайды. Осылайша, бұл індеттің ушығуын тежеуге әсер етеді. Коронавирус инфекциясы жойылып, маусымдық вирустық аурулар санатына енеді деп ойлаймыз, сонымен қатар халықты COVID-19-ға қарсы жыл сайынғы иммундау», - деді эпидемиолог.