Пандемияда шыбын-шіркейлердің жаңа түрі пайда болды

0
418

​Былтыр Чеширде күйе көбелектердің жаңа жеті түрі тіркелді.


Пандемияда шыбын-шіркейлердің жаңа түрі пайда болды

ERNUR.KZ. 2020 жылы күйе көбелектердің басқа түрлері туралы хабарлаған адамдардың саны 30%-ға өскен, деп жазады Inbusiness.kz.

Сонымен қатар шыбын-шіркейді жоюға арналған улардың сатылымы да артқан. Былтыр Чеширде күйе көбелектердің жаңа жеті түрі тіркелді. Йоркширде де бұл шіркейдің жаңа түрлерінің пайда болғаны анықталды.

Соңғы 50 жыл ішінде Британияда тіршілік ету ортасының өзгеруіне, климатқа және қоршаған ортаның ластануына байланысты ірі көбелектер саны үштен бірге азайды. Климаттың өзгеруі жылы ауа-райына бейімделген көбелектердің өз мекенін кеңейтуіне әкеп соқпақ.

Ғалымдардың айтуынша, күйе көбелектер киімге залалын тигізетін шіркей деп есептелгенімен, олардың барлығы емес, 2500 түрінің тек екеуі ғана үйдегі киімдерді кеміреді екен.