Парашют ашылмай қалды: 1500 метр биіктен сәтсіз секірген әйел аман қалды

0
962

Экстремал әйел парашютпен секіріп жүргеніне біраз уақыт болған


Парашют ашылмай қалды: 1500 метр биіктен сәтсіз секірген әйел аман қалды

ERNUR.KZ. Канадада әйел адам парашютпен сәтсіз секіріп, аман қалды, - деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға Квебек қаласына жақын маңдағы Труа-Риверьеде болған. Секіру кезінде 30 жастағы әйелдің парашюті ашылмай қалған, ол қосымша парашютті ашпақшы болған, алайда ол да іске аспаған.

Әйел орманға құлаған. Ол ағаш бұтақтарына ілініп қалып, өлімге алып келетін ауыр жарақаттардан аман қалған. Қазіргі уақытта ол ауруханада көптеген дене жарақаттарымен жатыр. Біршама жері сынған.

Жергілікті полиция мәліметінше, экстремал әйел парашютпен секіріп жүргеніне біраз уақыт болған. Куәгерлер оның осыншама биіктіктен құлап, аман қалуын ғажайып деп есептейді.