Париж операсының өнерпаздары зейнетақы реформасына қарсы ереуілге шықты

0
653

Франциядағы зейнетақы реформасына қатысты ереуілдер 5 желтоқсан күні басталды.


Париж операсының өнерпаздары зейнетақы реформасына қарсы ереуілге шықты

ERNUR.KZ. Өнер иелері көше аралап, тәртіп сақшыларымен қақтығысқан жоқ. Наразы топ өз ниетін ашық аспан астында орындалған «Лебединое озеро» балетімен жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Декорацияның орнын «Мәдениетке қауіп төніп тұр», «Париж операсы ереуілге шықты» ұран-сөздер алмастырды. Шыныда, француз театры екі аптадан бері наразылық акцияларына белсенді қатысып жүр. Салдарынан 45 спектакль кейінге қалдырылған.

Айта кетейік, Франциядағы зейнетақы реформасына қатысты ереуілдер 5 желтоқсан күні басталды. Ереуілшілер жаңа жүйеге және зейнетақы алу жасының өзгеруіне қарсы.