Париж тұрғындары маска тағуға міндеттелді

0
626

​11 жастан асқан барлық адамдар бетперде тағып жүруге тиіс.


Париж тұрғындары маска тағуға міндеттелді

Франция астанасы Париж қаласында "омикрон" штамының таралуына байланысты тұрғындар көшеде және қоғамдық орындарды маска тағып жүруге міндеттелді, деп жазады inbusiness.kz.

Қалалық полицияның айтуынша, бұл шара инфекцияның таралуын едәуір тежемек.11 жастан асқан барлық адамдар бетперде тағып жүруге тиіс. Ережені бұзғандарға 135 еуро көлемінде айыппұл салынады. Жақын арада құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастайды.

Бір күн бұрын COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 208 мың фактісі тіркелді. 28 желтоқсанда Франция билігі жаңа штамның таралуына байланысты эпидемиологиялық шектеулердің күшейтілетінін хабарлады. Бірақ әзірге коменданттық сағат енгізу туралы шешім қабылдамады.