Павел Дуров WhatsApp қосымшасынан сақ болуға шақырды

0
471

Telegram-ның негізін қалаушы кез келген мессенджерді қолдануға шақырғанымен, WhatsApp-тан абай болу керектігін айтып отыр.


Павел Дуров WhatsApp қосымшасынан сақ болуға шақырды

ERNUR.KZ. Хакерлер WhatsApp қосымшасы арқылы ұялы телефондағы кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады, деп жазады exk.kz.

Бұл туралы "ВКонтакте" мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров жазды. Оның айтуынша, осы қосымша ұялы телефонда хакерлердің қауіпсіздік жүйесінен кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді. Бұл үшін олар белгілі бір абоненттің телефон нөміріне бейнеқоңырау немесе зиянды вирусты бейнежазба жолдаса жеткілікті.

"Мұндай мәселе 2018 жылы WhatsApp-та анықталды. Сонымен бірге 2019 және 2020 жылдары да тіркелді. 2017 жылы да аз болған жоқ. Ал 2016 жылға дейін WhatsApp сандық технологияға өткен жоқ еді. Жыл сайын оның қандай да бір мәселесін біліп жатырмыз", деді Павел Дуров.

Telegram-ның негізін қалаушы кез келген мессенджерді қолдануға шақырғанымен, WhatsApp-тан абай болу керектігін айтып отыр.

"Сіздер өздеріңізге ұнаған кез келген қосымша арқылы СМС-хабарлама алмаса аласыздар. Бірақ WhatsApp-тан аулақ болуға шақырамын. Себебі, бұл қосымша 13 жылдан бері бақылау құралына айналып үлгерді", - деді Павел Дуров.