Періштеге мәйітханада жан бітті

0
1 068

«Өлі» нәресте мәйітханада тіршілік белгісін берген


Періштеге мәйітханада жан бітті

ERNUR.KZ. Иранда өлі деп есептелінген алты айлық сәбиге мәйітханада жат бітті, деп жазады Stan.kz.

Таңғаларлық жағдай Иранның батысындағы Урмия қаласында болды. Жерлеу агенттігінің басшысы Әмір Аббас Әбединнің айтуынша, нәресте шомылуға және жерлеуге дайындық кезінде тіршілік белгілерін көрсеткен.

Мәйітханадағы баланың тірілгенін көрген Әбедин дәрігерлер оның қайтыс болғанына сенімді болғанын айтты. Бұл жағдайға тек мәйітханадағылар ғана емес, сәбидің ата-анасы таңданып, жағаларын ұстады.

Десе де, өлді деген сәбиінің тірілгенін естіген отбасы тағдырдың таңғажайып сыйына үлкен алғыс айтты.