Пхеньян соңғы екі тәулікте екінші зымыранды ұшырды

0
630

Солтүстік Корея 2 күннің ішінде екінші рет зымыран ұшырып, аймақ елдерінде алаңдаушылық тудырды.


Пхеньян соңғы екі тәулікте екінші зымыранды ұшырды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Бірлескен Штаб өкілдері мәлімдеді. Күнгейдегі кәріс елінің әскері соғысқа әзірлік режиміне шұғыл келтірілді, деп жазады 24.kz.


Ресми Пхеньянның қарулы күштері елдің орталық бөлігінен атқан 2 баллистикалық зымыран Жапон теңізіне түсіп, өзге елдерге тиесілі шекаралық аумаққа жетпеген.


АҚШ қорғаныс қызметі де оқыс жағдайды тыңғылықты зерттеуге кірісті. Жапонияның премьер-министрі Ёсихидэ Суга Солтүстік Кореяның әрекетін жапон мемлекеті үшін ғана емес, барлық аймақ үшін үлкен қауіп деп атады.