Полицейлер өлтірген афроамерикалық Джордж Флойдтан коронавирус анықталды

0
782

Алайда Джордж Флойдта коронавирустың ешқандай белгілері байқалмаған


Полицейлер өлтірген афроамерикалық Джордж Флойдтан коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полицейлер ұстау барысында қайтыс болған Джордж Флойдтан коронавирус анықталған. Бұл туралы сот-медициналық сараптаманың қорытындысында айтылады, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, Джордж Флойдта коронавирустың ешқандай белгілері байқалмаған. Оның туыстары өлімге коронавирус себеп болмағанын айтады. Сондай-ақ, дәрігердің қорытындысына оның дем ала алмағандықтан мойны мен арқасына қысым түсіп қайтыс болғаны айтылады.

Айта кетейік, 46 жастағы афроамерикалық жігіттің өлімі жергілікті АҚШ тұрғындарының ашуын тудырған болатын. Бейбіт басталған ереуілдің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Қайғылы оқиға 25 мамырда Миннесота штаты Миннеаполис қаласында болған еді.

Ресми мәлімет бойынша, Джордж Флойд мейрамханада күзетші болыпты жұмыс істеген Флойд сол күні дүкеннен темекі сатып алып шыққан. Алайда ол жалған ақшамен төлеген көрінеді. Оқиға орнына келген полицейлердің мәліметінше, Флойд көлікте отырған. Офицерлер оған көліктен шығуды талап еткенде ол қарсылық көрсеткен.