Полиция ашық және қысқа белдемше киген қыз-келіншектерге ескерту жасап жүр

0
518

Ашғабад саябақтарында адамгершілік полициясы пайда болды.


Полиция ашық және қысқа белдемше киген қыз-келіншектерге ескерту жасап жүр

ERNUR.KZ. Ашғабад полициясы саябақтарға барып, демалатын тұрғындарды бақылауды күшейтті. Әсіресе, серуендеп жүрген жастарды тоқтатып, оларға ақыл-кеңес айту көбейген, деп жазады centralasian.org.

Полиция әсіресе саябақтарда серуендеп жүрген қыздар мен жігіттерге назарын көп бұрып жатыр.

Полиция жастарды тоқтатып, сұрақтар қойып, туу туралы куәліктерін сұрап, олардың бір-біріне кім болып келетінін де анықтап жүр екен.

Сонымен бірге полиция ашық және қысқа белдемше киген қыз-келіншектерді тоқтатып, оларға ескерту жасайтын болған. Осындай бақылаулар әсіресе айтулы күндер қарсаңында күшейеді.

Қазір Түркіменстан тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына дайындалып жатыр.